Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.
Іс-шараға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
ЖЕЭС-тің кеңейтілген құрамдағы отырысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларымен қатар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса және Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабак қатысуда.