Басты бетҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты

ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты

ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты ҚР Президентінің телерадиокешені қызметкерлерінің балалары медиа әлемімен танысты

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Президентінің телерадиокешенінде «Қызметкерлер балалары ТРК медиа әлемінде» атты Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Олар Jibek Joly радиоканалына, Jibek Joly/Silk Way телеарнасына, цифрлық дирекцияға және «Қазақпарат» - «Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігіне барып, заманауи медианың жұмысымен танысты.

Экскурсия барысында оқушылар телевизиялық және радиобағдарламалардың қалай дайындалатынын, жаңалықтардың қалыптасу тәртібін және цифрлық контенттің қалай өндірілетінін көрді. Телерадиокешен қызметкерлері өз жұмысы, кәсіби дағдылары мен медиа саласының ерекшеліктері туралы айтып берді.

Бағдарламаның тәжірибелік бөлігі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жасөспірімдер жүргізуші рөлін байқап, эфирді сынап, бейнеқұттықтаулар жазып көрді.

Ашық есік күні кәсіби бағдар беру мен ата-ана мамандығымен танысу ісі бірге ұштасты. Оқушылар телерадиокешен жұмысын ішінен көріп, ата-аналарының қызметі туралы және кең аудиторияға арналған жаңалықтар мен теле-радиобағдарламалардың қалай дайындалатыны жөнінде көбірек мағлұмат алды.