Басты бетЖалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін https://eqyzmet.gov.kz сілтемесі бойынша сыртқы порталда жалпы конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының күрделі құрылыс бөлімі күрделі құрылыс секторының бас сарапшысы, В-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: Орындалған жұмыстарды қабылдау, объектілердің құрылысы барысын бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Құрылыс материалдары мен жабдықтарының нарығын зерделеу. Құрылыс ұйымдарымен хат алмасу. Мемлекеттік органдардың сұраулары мен хаттарына жауап дайындау.

Құрылыс мәселелері жөніндегі мәжілістерге қатысу және олардың хаттамаларын жасау. Жетекшілік ететін объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы сәулет-құрылыс бақылау органдарын ескерту. Жетекшілік ететін құрылыс объектілеріндегі құрылыс барысы туралы ақпаратты басшылыққа апта сайын ұсыну және бөлімнің атқарылған жұмыс туралы есебін дайындау

Орташа лауазымдық жалақысы: 380 391

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: сәулет және құрылыс.

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-5 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).

         Шағым жасау тәртiбi: Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады