Басты бет«Таза Қазақстан» аясында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарында жүйелі экологиялық жұмыстар жалғасуда

«Таза Қазақстан» аясында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарында жүйелі экологиялық жұмыстар жалғасуда

«Таза Қазақстан» аясында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарында жүйелі экологиялық жұмыстар жалғасуда «Таза Қазақстан» аясында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарында жүйелі экологиялық жұмыстар жалғасуда «Таза Қазақстан» аясында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарында жүйелі экологиялық жұмыстар жалғасуда «Таза Қазақстан» аясында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарында жүйелі экологиялық жұмыстар жалғасуда «Таза Қазақстан» аясында ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарында жүйелі экологиялық жұмыстар жалғасуда

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды жалғастыруда. Жұмыс жүйелі негізде жүргізіліп, оған тұрақты сенбіліктер, аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және жүйенің барлық нысандарындағы экологиялық бастамалар кіреді.

Акцияның кезекті кезеңі Астана мен Бурабайда ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары Ерлан Сүттібаевтың қатысуымен өтті. Экологиялық іс-шараларға Әкімшілік ғимараттар дирекциясының, «Бурабай даму» ЖШС-нің, «Оқжетпес» шипажайының, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының, «Алатау» қонақ үйі» АҚ-ның және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының 230 қызметкері қатысты.

Сенбілік барысында Астананың Нұра ауданындағы «Батыс» саяжай алабы аумағында, сондай-ақ Бурабайдағы нысандарда қоғамдық және жасыл аймақтар, нөсерлік су жүйелері тазартылып, ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді, құрғақ жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар Бурабай визит-орталығы, зообақ және тоған аумағындағы орындықтар, беседкалар, жиектастар және өзге де шағын сәулеттік нысандар сырланды.

«Оқжетпес» шипажайында шипажай мен «Ақбура» нысаны аумағында сенбілік ұйымдастырылып, көгалдандыру және гүл отырғызу, аумақты құрғақ бұтақтар мен тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жиектастарды сырлау жұмыстары атқарылды. Барлығы 200 ден астам қап қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды.

Президент Іс басқармасында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстардың ұзақмерзімді әрі жүйелі сипатқа ие екені атап өтілді. Қазан айының соңына дейін ведомстволық ұйымдарда ұжымдардың қатысуымен апта сайынғы экологиялық іс-шаралар кестесі бекітілген. Сенбіліктерден бөлек, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне жауапкершілікті арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда.

ҚР ПІБ жүйесі ұйымдары үшін «Таза Қазақстан» — бір реттік акция емес, жайлы, таза және экологиялық тұрақты орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.