Басты бет«ҚР ПІБ Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК

«ҚР ПІБ Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК

Мекенжайы

Астана қ., Акмешит көш., 3.

Сайты

www.ptrk.kz

Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz 

Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/ 

YouTube: https://www.youtube.com/ptrkkz

Байланыс телефондары

8(7172) 570 245

 Ұйымның толық атауы

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекеменің қысқаша атауы:

- «ҚР ПІБ ҚР Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК

Басшысы

Директоры - Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева

Директордың орынбасарлары

Марат Балғабайұлы Қасқырбаев - Директордың әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары

Тілеген Ақанұлы Әбішев - Директордың өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары

Қайрат Сағатбекұлы Макажанов - Директордың техникалық жабдықтау жөніндегі орынбасары

Мекеменің құрылған жылы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы № 241 қаулысы негізінде құрылған болатын.

 Қызмет көрсету саласы

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының оған жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа да қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметін ақпараттық қолдау функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуіне ықпал ету болып табылады.

Кәсіпорын жүзеге асыратын қызмет түрлері:

1) бейне-, аудио-, кино және фотоқұжаттарды жасау, жинау, өңдеу, оларды қалпына келтіру және жүйелеу;

2) телерадиобағдарламалар және бейнефильмдер шығару және тарату;

3) мәліметтер базасын басқару жүйелерін пайдалана отырып, порталдар мен веб-жобаларды алгоритмдеу;

4) ақпараттық басқару, интернет желісіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық порталдарын толықтыру және қолдау;

5) деректерді орналастыру және интернет желісінде ақпаратты өңдеудің инновациялық құралдарын пайдалану арқылы қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсету;

6) телевизиялық бағдарламаларды жүргізу және оларды жасау жөніндегі қызмет;

7) меншікті мүлікті жалға беру және басқару;

8) жарнамалық өнімді өндіру және оны теледидарда, радиоларда тарату;

9) телевизиялық және радио бағдарламаларды тираждау, дыбыстау, өндіру;

10) кино-, аудио-, видео - және басқа да бағдарламаларды дайындау және олардың айналымы(сатып алу-сату, айырбастау, жалға алу және т. б.);

11) БАҚ қызметкерлерін және басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалардың, Кәсіпорындағы жоғары білікті мамандардың, отандық және шетелдік медиа сарапшылардың көмегімен оқытуды, біліктілікті арттыруды, қайта біліктілікті арттыруды ұйымдастыру.