Басты бетШежіреден болашаққа: Қазақстанда Президент телерадиокешенінің кинолекториясы басталады

Шежіреден болашаққа: Қазақстанда Президент телерадиокешенінің кинолекториясы басталады

Шежіреден болашаққа: Қазақстанда Президент телерадиокешенінің кинолекториясы басталады

2026 жылғы 21 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені 30 жылдығына арналған республикалық кинолекторий бастау алады.

Президент телерадиокешенінің 30-дан астам авторлық деректі фильмі еліміздің 20 қаласында көрсетіледі. Ауқымды ағартушылық жоба барлық аймақты қамтып, 25 қыркүйекте Алматы қаласында қорытындыланады.

Кинолекторий көрермендерді Президент телерадиокешенінің жеке продакшн-базасы саналатын Деректі кино орталығының негізгі жобаларымен таныстыруды мақсат етеді. Туындыларда Мемлекет басшысының қызметі, Қазақстанның заманауи тарихы және өңірлердің дамуы барысы баяндалады.

Кино көрсетілімдері аймақтардағы жергілікті кинотеатрларда өтеді. Бұл өңір тұрғындарының сапалы деректі контентті тамашалауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар іс-шара аясында Деректі кино орталығының шығармашылық тобымен кездесулер, талқылаулар және жастарға арналған дәрістер ұйымдастырылады.

Жоба әкімдіктермен бірлесе жүзеге асырылады және кіру тегін. Көрсетілім кестесі мен кинолекторий бағдарламасы Президент телерадиокешенінің ресми ресурстарында жарияланады.