Басты бетЖоғары технологиялар эпилепсияға қарсы немесе Медициналық орталық ауруханасында науқастарға қалай...

Жоғары технологиялар эпилепсияға қарсы немесе Медициналық орталық ауруханасында науқастарға қалай көмектеседі

Жоғары технологиялар эпилепсияға қарсы немесе Медициналық орталық ауруханасында науқастарға қалай көмектеседі Жоғары технологиялар эпилепсияға қарсы немесе Медициналық орталық ауруханасында науқастарға қалай көмектеседі Жоғары технологиялар эпилепсияға қарсы немесе Медициналық орталық ауруханасында науқастарға қалай көмектеседі

Бүгінде эпилепсия тиімді бақылауға болатын ауру ретінде қарастырыла бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, әлемде бұл диагнозбен 50 миллионнан астам адам өмір сүреді. Қазақстанда эпилепсияны анықтау деңгейі артып келеді, бұл ең алдымен заманауи диагностика мен мамандандырылған көмектің қолжетімді болуымен байланысты.

Медициналық орталығы ауруханасының жоғары санатты нейрохирург-дәрігері Талғат Ермековтің сөзінше көп жағдайда ауру дәрілік ем арқылы бақылауға алынады. Алайда пациенттердің шамамен 30%-ында дәрі-дәрмекке көнбейтін (фармакорезистентті) эпилепсия түрі кездеседі.

«Егер дұрыс таңдалған екі немесе одан да көп препарат ұстаманы (талып қалуды) тоқтатпаса, хирургиялық емдеу мүмкіндігін қарастыру қажет. Уақытты жоғалтуға болмайды, себебі жиі қайталанатын ұстамалар есте сақтау, зейін және ойлау қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін», – дейді маман.

Медициналық орталық ауруханасының Эпилептология орталығында диагностика мен емдеудің әлемдік стандарттары қолданылады. Науқастарды тексеру үшін жоғары өрісті МРТ, видео-ЭЭГ мониторингі және роботтандырылған нейронавигация жүйелері пайдаланылады.
Бүгінде ең дәл диагностикалық әдістердің бірі ретінде Stereo-EEG (стереоэлектроэнцефалография) саналады. Бұл тәсіл эпилепсиялық белсенділіктің ошағын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін мидың терең құрылымдарына өте жіңішке электродтар енгізіліп, электрлік белсенділік тіркеледі. Соның арқасында эпилептогенді ошақты миллиметрлік дәлдікпен анықтауға болады.

Орталық нейрохирургтерінің тәжірибесінде ұстаманы тудыратын ми бөлігін алып тастау операциялары, кезбе жүйке стимуляторын (VNS) имплантациялау, сондай-ақ радиожиілікті термокоагуляция әдісі бар. Бұл тәсілдер ұзақ жылдар бойы ұстамамен өмір сүрген науқастарға қалыпты өмірге оралуға, жұмыс істеуге және әлеуметтік белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мамандар эпилепсия ұстама кезіндегі алғашқы көмек мәселесіне де ерекше назар аударады. Талғат Ермековтің айтуынша, халық арасында әлі де қауіпті қате түсініктер бар.
Ұстама кезінде адамды күшпен ұстап тұруға, жақты ашуға немесе аузына бөгде зат салуға болмайды. Бұл қосымша жарақатқа әкелуі мүмкін. Ондай кезде  науқасты қырынан жатқызып, басын қауіпсіз ету және ұстаманың басталу уақытын белгілеу маңызды. Егер ұстама 5 минуттан ұзаққа созылса, жедел жәрдем шақыру қажет.

Бүгінде Эпилептология орталығының басты міндеті  отандық емдеу хаттамаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және заманауи технологияларды Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді ету. Мамандардың пікірінше, дер кезінде қойылған диагноз және дұрыс таңдалған ем эпилепсияның адамның толыққанды өмір сүруіне кедергі болмауын қамтамасыз етеді.