Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конку...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz (файлдардың рұқсат етілген көлемі 10 МВ)  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөінідегі бөлімінің бас инспекторы, B-3

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің жеке кітапханалары, жеке архивінің және музейінің жұмыс істеуін, сондай-ақ қонақүй қызметін ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру..

Жетекшілік ететін ұйымдардың даму стратегиясы мен перспективаларын белгілеу, жетекшілік ететін ұйымдарға инновацияны енгізу және зерделеу, олардың негізгі (өндірістік) индикаторларын анықтау. Жетекшілік ететін ұйымдардың перспективалық даму жоспарларының орындалуына, өндірістік қызметіне, оның ішінде көрсетілетін қызметтің сапа бөлігіндегі негізгі көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізу мен бақылау жасауды жүзеге асыру.

 Жетекшілік ететін ұйымдардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мәжілістері мен отырыстарына материалдар, талдамалық материалдар, ақпараттар, бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да құжаттарды дайындауды қамтамасыз ету.

Орташа лауазымдық жалақысы: 586492

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
В-3 санаты үшін:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-4, С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,  12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Кандидаттармен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.