Бүгін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Түркияның телерадиокомпаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан мен Түркияның екі ірі медиакомпаниясы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жаңалық алмасу, бірлесіп контент өндіру, маңызды оқиғалардан ақпарат таратуда өзара қолдау көрсету, медиаөндірістің озық тәжірибелерімен және тәжірибе алмасу.