Басты бет«Бурабай» МҰТП аумағында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды

«Бурабай» МҰТП аумағында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды

ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі кезекші инспекторлар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына күнделікті рейд жүргізу барысында қарағай ағашын заңсыз кесу фактісін анықтағандығын хабарлайды.

Осылайша, «Бурабай» МҰТП-інің «Бұланды» филиалында белгісіз тұлғалар жалпы салмағы 3, 55 м3 сегіз дана қарағай тұқымды ағаш діңін кесіп, ұрлық жасады. Мемлекеттік орман қорына 138 мың теңге сомасынан астам зиян келтірілді.

Істің материалдары Еңбекшілдер аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2000 жылғы 12 тамызда құрылған. Паркінің жалпы жер аумағы 129 532 га құрайды.

МҰТП-інің негізгі миссиясы биологиялық және ландшафттық алуан түрлілікті сақтау, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени-тарихи және рекреациялық құндылығы бар бiрегей табиғат кешендері мен мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілерін табиғат қорғау, ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану болып табылады.