Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

Елімізде Ұлы Жеңістің 81 жылдығы атап өтілуде. 9 мамыр қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентіің Іс басқармасына қарасты ведомстволық ұйымдар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен және соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткерген буынның өкілдерімен кездесті.

Ұйым қызметкерлері оларға ерлігі, жеңіске деген жігері мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.

Медициналық орталық ауруханасының ұжымы 100 жасқа толған тыл еңбеккері Алима Лапинаны құттықтады. Соғыс жылдары ол зауытта еңбек етіп, Жеңіске өз үлесін қосты. Сондай-ақ бүгінде 95 жасқа келген тыл еңбеккерлері Муслима Мусина, Күліш Жүнісбекова және Сағира Рахметовамен де жылы жүздесулер өтті. Соғыс жылдары өндірісте еңбек еткен Смағұл Жұмабековке, балалық шағы соғыстың отты жылдарымен тұспа-тұс келген Владимир Котелинге, сондай-ақ Холокост қасіретін бастан өткерген Жаннета Дунаеваға да құрмет көрсетілді.

Ұлттық госпиталь қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Барановамен кездесті. Соғыс жылдары ол әскери госпитальде мейіргер болып қызмет етіп, Жеңістен кейін медицина саласына 50 жылдан астам өмірін арнаған.

Almaty Resort ұжымы 101 жастағы майдангер Иван Бегунов пен тыл еңбеккері Алевтина Моисееваны құттықтады. Иван Бегунов соғысты басынан аяғына дейін өткеріп, Еуропаны азат ету шайқастарына қатысқан және Қызыл Ту орденімен марапатталған.

«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері тыл еңбеккерлері Өтелбай Елбергеновті, Бегайдар Зейнуллинді және Анна Безрученконы құттықтап, Жеңіске қосқан үлесі мен көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы тыл еңбеккері Роза Жанұзақованы құттықтап, естелік сыйлықтар мен азық-түлік себетін табыстады.

«Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлері тыл еңбеккерлері Тәжібаевтар отбасына арнайы барды. Әбдіқадыр Тәжібаев соғыс жылдары Арал ауданында ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. Бүгінде ол еңбек ардагері әрі Байқоңыр қаласының құрметті азаматы.

Парламентаризм институтының ұжымы тыл ардагері Құрманбек Шоқанбаевты құттықтады. Кездесу барысында оның соғыстан кейінгі жылдары елді қалпына келтірудегі еңбегі мен жастарды патриотизм және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеуге қосқан үлесі атап өтілді.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері Көкшетау қаласында тұратын тыл еңбеккері Қорабай Шамғоновқа арнайы барып, ұлттық парк ұжымы атынан соғыс жылдарындағы еңбек ерлігі үшін алғыс айтып, естелік сыйлық табыстады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК Алматы филиалының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлқарнай Сейітовті, сондай-ақ еңбек майданының қатысушылары Ғаникен Бибатырова, Хамит Біржанов және Вера Сидорованы құттықтады.

Мұндай кездесулер бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруіне жол ашқан жеңімпаз буынға деген құрмет пен алғыстың айқын көрінісіне айналды. Ардагерлерге қамқорлық жасау, халық ерлігін ұмытпау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау қоғамның маңызды құндылықтарының бірі болып қала береді.