Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында спартакиада аясында шахмат турнирі өтті

«Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті. Жарыс ҚР Президееті Іс басқармасының дәстүрлі спартакиадасы аясында ұйымдастырылды.

Турнир шахматты насихаттауға, логикалық және стратегиялық ойлауды дамытуға, сондай-ақ қызметкерлер арасынан үздік ойыншыларды анықтауға бағытталды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұстамдылықты және зияткерлік бәсеке жағдайында салмақты шешім қабылдай алу қабілетін көрсетті.

Жарыстар Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ережелеріне сәйкес швейцариялық жүйе бойынша өтті, бұл турнирлік тартыстың әділдігі мен серпінділігін қамтамасыз етті.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды «Медициналық орталық» ММ командасы иеленді, ІІ орын «Инженерлік-техникалық орталық» ШЖҚ РМК командасына бұйырды, ІІІ орынды «Медициналық орталық ауруханасы» ШЖҚ РМК командасы еншіледі.

Турнирдің үздік ойыншылары болып Мақсат Оразбеков («Медициналық орталық ауруханасы») және Сүндет Жылқыбаев («Инженерлік-техникалық орталық») танылды.

Жүлделі орын алған командалар мен номинация жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының спартакиадасы жыл соңына дейін жалғасады. Алда қызметкерлерді мини-футбол, жүзу, волейбол және өзге де спорт түрлері бойынша жарыстар күтуде. Бұл шаралар корпоративтік рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.