Қазақстан Республикасы Президенті Телерадио кешенінің медиажобасы —Jibek Joly радиоарнасы тәулік бойы хабар тарату форматына көшті. Енді авторлық бағдарламалар, танымал музыка және соңғы жаңалықтар тыңдармандарға тәуліктің кез келген уақытында қолжетімді.
24/7 форматына көшу қоғам өмірі туралы жедел ақпарат таратуға, әсіресе, ел Президентінің қызметі жөнінде сапалы контент жасауға мүмкіндік береді.
Эфирлік кестенің кеңеюі тыңдармандармен тікелей эфирде көбірек тілдесуге, оларға мазмұны бай бағдарламалар мен тікелей қосылымдар ұсынуға жол ашады.
Радиостанция ұжымы үшін сапалы ақпарат, сараптамалық мазмұн және заманауи қазақстандық музыканың күндіз-түні қолжетімді болуы аса маңызды.
Еске сала кетейік, 1 мамыр күні радиоканал эфирге шыққанына бір жыл толуын атап өтті.
Jibek Joly радиосы 101,4 FM толқынында сенімді ақпарат пен заманауи музыканың тұрақты дереккөзі болып қала береді.