Басты бетПрезидентінің Іс басқармасында энергия тиімділігі жөнінде семинар өтті

Президентінің Іс басқармасында энергия тиімділігі жөнінде семинар өтті

2014 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және «Электр энергетикасы және энергия үнемдеу институты» АҚ-пен бірлесіп энергия аудитін жүргізу және мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру бөлігінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама жөнінде семинар өткізді.

Семинарға Іс Басқармасының 20 ведомстволық қарасты ұйымының жауапты тұлғалары қатысты.

Бастамашылық етілудегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер, энергетикалық тізілімді қалыптастыру жөнінде Қазақстан Республикасы 

Инвестициялар және даму министрлігінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігі департаменті директорының орынбасары Ә. Қабылбай, «Электр энергетикасы және энергия үнемдеу институты» АҚ мемлекеттік энергетикалық тізілім департаменті директорының орынбасары Ж. С. Касенов сөз сөйледі.