Басты бетІс Басқармасында мемлекеттік тіл апталығы өтті

Іс Басқармасында мемлекеттік тіл апталығы өтті

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

DAA_1367.jpg

Аталған мерекелік іс-шара шеңберінде 2014 жылғы 22-26 қыркүйек аралығында Іс Басқармасында мемлекеттік тіл апталығы өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жаныдағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Нәзигүл Төленбергенова Іс Басқармасының орталық аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері үшін «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарын өткізді. 

Семинар мемлекеттік тілді оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану жолымен өткізілгендігін атаған жөн. Тыңдаушылар жұмыста қолдану үшін қажетті ақпарат алғандығын атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті үлгідегі сертификат берілді.