Басты бетПрезиденттік орталықта «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Президенттік орталықта «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Президенттік орталықта «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды Президенттік орталықта «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанадағы Президенттік орталықта «Ұлттық кітап» республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Арман Қырықбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

«Мемлекет басшысы қоғамда кітап оқу мәдениетін ілгерілетуге әрдайым ерекше мән береді. Өздеріңіз білетіндей, 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент «Кітап оқитын ұлт»бастамасын көтерді. Президенттің тікелей тапсырмасымен өткен жылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді», — деді Арман Қырықбаев.

Сондай-ақ ол алдағы екі апта ішінде Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға және зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған арнайы Жарлыққа қол қоятынын хабарлады.

Жеңімпаздар тоғыз номинация бойынша анықталды. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, рәсім аясында Қазақстан өңірлерінен келген кітапханашылар мен баспа саласының өкілдері де марапатталды.

Еске сала кетейік, осы аптада Ұлттық кітап күні аясында Президенттік орталықта IX Astana Eurasian Book Fair 2026 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Көрме 26 сәуірге дейін жалғасады.