Басты бетСЭСО мамандары көктем кезіндегі кене инфекцияларының алдын алу шаралары туралы еске салды

СЭСО мамандары көктем кезіндегі кене инфекцияларының алдын алу шаралары туралы еске салды

СЭСО мамандары көктем кезіндегі кене инфекцияларының алдын алу шаралары туралы еске салды

Күн жылып, жер жібігенде жылдағыдай кене шағу және инфекцияларды жұқтыру қаупі артады. «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және кене энцефалиті мен боррелиоздың алдын алуды уақытылы жүргізуге шақырады.

Мамандардың мәліметінше, кене энцефалиті кене шағуы арқылы жұғатын ең қауіпті аурулардың бірі. Инфекция орталық жүйке жүйесін зақымдап, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Қорғанудың жалғыз сенімді тәсілі - вакцинация.
Сонымен қатар, боррелиоз кең таралған бактериялық инфекция болып саналады, ол ерте анықталған жағдайда тиімді емделеді. Аурудың негізгі белгісі – кене шаққан жерде терінің қызара бөртуі.

Орталық мамандары кенелердің көбіне шөпті және бұталы жерлерде мекендейтінін атап өтіп, табиғатқа шыққанда немесе бақшада жұмыс істегенде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, жабық киім кию, ашық түсті киімді таңдау, репелленттер қолдану және денені үнемі тексеріп отыру қажет.

Мамандар кене шаққан жағдайда дұрыс әрекет етуге ерекше назар аударады. Кене жабысып қалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Мүмкіндік болса, алынған кенені сақтап, зертханаға тапсыру ұсынылады. СЭСО-да инфекция қоздырғыштарына диагностика жүргізіліп, жұқтыру қаупін уақытылы анықтап, профилактикалық ем тағайындауға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, көктем мезгілінде Орталық аумақтарды акарицидтік өңдеуден өткізеді. Ерте дезинсекция кене санын азайтып, олардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тұрғын үй аймақтары, білім беру мекемелері және бұқаралық демалыс орындары үшін маңызды.

СЭСО мамандары уақтылы профилактика, вакцинация және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау кене белсенділігі маусымында жұқтыру қаупін едәуір төмендетіп, денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.