Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конку...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан  Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, В-2 санаты

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды қорғау, Іс басқармасында рұқсаттамалық және объектіішілік режимдердің сақталуы жөніндегі жұмысты үйлестіру. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария ету, ақпараттық қауіпсіздікті бұзу фактілеріне, сондай-ақ Іс басқармасы басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да жағдайларға қызметтік тексеріс жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік секторының жұмысын үйлестіру.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының бақылаудағы құжаттарының уақытылы орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Іс басқармасының алқа отырыстарын, мәжілістері мен кеңестерін өткізуді ұйымдастыруды, оларға қажетті материалдардың сапалы және уақытылы дайындалуын, хаттамасын жүргізуді және хаттамалық  шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету.

Іс басқармасының басшылығы үшін ақпараттық-талдамалық материалдар әзірлеу.

Орташа лауазымдық жалақысы: 789 184

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

аударма ісі; шығыстану; мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және мұрағат; елтану; бизнес, басқару және құқық; ұлттық қауіпсіздік; қоғамдық қауіпсіздік

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
В-2 санаты үшін:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,  12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Кандидаттармен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.