Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конку...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ішкі аудит бөлімінің бас сарапшысы-мемлекеттік аудитор, B-5 (мемлекеттік аудитор сертификаты болуы тиіс)

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметінің, мемлекеттік сатып алуды өткізу және шарттар талаптарының орындалу рәсімдерінің, аудит объектісінің тауар-материалдық қорлары мен өзге де активтерінің сәйкестілігіне аудитті жүзеге асыру. Мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметінің, мемлекеттік органда, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуінің, мемлекеттік органның бюджет шығыстарымен өзара байланысты мақсат-міндеттеріне қол жеткізуінің тиімділігіне аудитті жүзеге асыру. Ішкі бақылау бойынша ведомстволық қарасты ұйымдардың ақпаратын жинақтауды жүзеге асыру. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген аудит туралы есептер мен ақпарат дайындауға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу. Ішкі бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік орган және ведомстволық қарасты ұйымдар қызметінде семинарлар дайындау мен өткізуге қатысу. Мемлекеттік орган мен ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметінде туындаған ішкі аудит мәселелері бойынша ақпарат пен анықтамаларды дайындауға қатысу.

Аудит (тексеру) қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды архивке тапсыру.

Орташа лауазымдық жалақысы: 380 391

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, құқық, экономика, қаржы; есеп және аудит; мемлекеттік аудит

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
В-5 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,  12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Кандидаттармен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.