Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен белсенді демалысты насихаттау шаралары аясында ҚР Президентінің Іс басқармасы «Алатау» спорт сарайында шағын футболдан турнир өткізді. Жарысқа орталық аппарат қызметкерлері мен ведомствоға қарасты ұйымдар қатысты, деп хабарлады ҚР ПІБ баспасөз қызметі.
Турирге 16 құрама команда қатысты.
Табан тірескен күрес бойынша Инженерлік-техникалық орталық командасы жеңіске жетті. Екінші орынды ҚР Парламенті ХОЗУ қызметкерлері иеленді, ал үшінші орынды ҚР Үкіметі мен Президент Әкімшілігінің әкімшілік мекемесінің дирекциясы қанағат тұтты.