Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін https://eqyzmet.gov.kz сілтемесі бойынша сыртқы порталда жалпы конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бюджеттік қаржыландыру секторының сарапшы, B-6
Функционалдық міндеттері:
Жүктелген тапсырмалардың, Іс басқармасының ба тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; орта мерзімді кезеңге арналған бюджет сұранысын қалыптастыруға қатысу, жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджет сұраныстарын экономикалық негізділігін тексеру; республикалық бюджет нақтыланғ жағдайда бюджетке өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу; бюджет бағдарламаларын іске асыруға жауапты құрылым
бөлімшелердің деректері негізінде ай сайын бюджет қаражатын игеруді болжау және игеруді мониторингтеу бойынша болжамдарды дайындау. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік жазбалар, ақпарат дайындау.
Орташа лауазымдық жалақысы: 327 923
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес және экономика, математика және статистика.
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
В-6 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi: Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады