Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында үстел теннисінен жарыс өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының дәстүрлі спартакиадасы аясында орталық аппарат пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Сайысқа үстел теннисінен 14 әуесқой команда қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спортқа деген қызығушылық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Бастапқы кезеңде командалар топтарға бөлініп, айналым жүйесі бойынша ойнады. Топтық кезең қорытындысы бойынша үздік командалар финалдық кезеңге өтіп, шешуші кездесулерде жүлдегерлер анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды «Бүркіт» мемлекеттік авиа компаниясы ШЖҚ РМК командасы иеленді, II орын Медициналық орталықтың «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, ал III орын Медициналық орталық ауруханасы ШЖҚ РМК командасына бұйырды.

Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша сайыстың үздік ойыншылары анықталды. «Үздік ойыншы» аталымын Бауыржан Мамаев (Медициналық орталық ауруханасы ШЖҚ РМК) иеленсе, төрешілердің шешімімен «Үздік техника» номинациясы Сағыныш Әлиевке (Медициналық орталықтың «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені) берілді.