Астанада Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебі базасында Президент Телерадиокешені мен China Media Group бірлесіп ұйымдастырған «CMG Media Week 2026» білім беру бағдарламасы аяқталды.
Бағдарламаға Президент Телерадиокешенінің қызметкерлері және MNU Халықаралық журналистика мектебінің 80 студенті қатысты.
Оқыту заманауи медиа саласындағы практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды және төрт бағыт бойынша жұмысты қамтыды. Оның ішінде телевизиялық репортаж және визуалды тарих, аудиоформаттар, деректі фильм өндірісі және медиaөндірісте жасанды интеллект технологияларын қолдану.
Бағдарлама барысында қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, нақты редакциялық жұмысқа жақын жағдайларда медиажобалар дайындады.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің қорытынды жобаларын ұсынып, оқудан өткені туралы сертификаттарға ие болды.
Президент Телерадиокешені мен China Media Group арасындағы әріптестік медиа саласындағы ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылуда, аталған келісімге 2025 жылғы 16 маусымда Қытай Халық Республикасы Төрағасының Қазақстанға сапары барысында Қазақстан мен Қытай көшбасшылары Касым-Жомарт Токаев пен Си Цзиньпиннің қатысуымен қол қойылған.