Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кезекті отырысы өтті

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының басқарушысы Абай Бисембаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кезекті отырысы болып өтті.

Отырысқа құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері мен ҚР Президенті Іс басқармасы ведомствосына қарасты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында жылу беру маусымына ведомство құрамындағы нысандардың қаншалықты дайын екендігі қарастырылды.

Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігінің сақталуы мен еңбек күзеті, қауіпсіздік техникасы мәселелері талқыланды.

Ведомствоға қарасты ұйым басқармасы бөлімінің меңгерушісі Қанат Идрисов баяндама оқыды.

Отырыс қорытындысы бойынша, ҚР Президентінің Іс басқармасының басқарушысы Абай Бисембаев бірқатар тапсырма жүктеді.