Басты бетМедициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Медициналық орталық Қытаймен цифрлық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында делегаттар Қытайдың жетекші медициналық мекемелері Ruijin Hospital және Renji Hospital қызметімен танысып, CMEF Spring 2026 халықаралық медициналық жабдықтар көрмесіне қатысты және медициналық техника өндірісінде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Mindray компаниясымен кездесу өткізді.

Қытай клиникаларында кеңінен қолданылатын, осы салада әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын заманауи цифрлық шешімдерге ерекше назар аударылды. Олардың қатарында пациенттерді орталықтандырылған мониторинг жүйелері, медициналық жабдықтарды бірыңғай ақпараттық ортаға біріктіру, сондай-ақ онлайн және офлайн медициналық қызметтердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін «интернет-госпиталь» үлгісін дамыту бар. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері клиникалық шешімдерді қолдаудан бастап, пациенттерге арналған сервистерді автоматтандыру тақырыптары да бөлек қарастырылды.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың нақты бағыттары айқындалып, Қытайдың медициналық және технологиялық ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Олар бірлескен білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларды іске асыруды, сондай-ақ озық технологиялық шешімдерді практикалық қызметке енгізуді көздейді.

Басым бағыттардың қатарында роботтандырылған хирургияны дамыту, цифрлық операциялық бөлмелерді құру, пациенттерді мониторингтеудің зияткерлік жүйелерін енгізу және фармацевтикалық логистиканы автоматтандыру бар.

Медициналық орталықтың ауруханасы мен Ұлттық госпиталь зерделенген тәжірибелерді кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр, оның ішінде цифрлық сервистерді дамыту, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын орнату және медициналық AI-платформаны құру бар.

Аталған бастамаларды іске асыру медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, клиникалық және басқарушылық процестерді оңтайландыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жаңғыртуға ықпал етеді.