Басты бетДәрігерлердің тексеруінен кезексіз қалай өтуге болады: Ұлттық госпитальдағы телемедицина

Дәрігерлердің тексеруінен кезексіз қалай өтуге болады: Ұлттық госпитальдағы телемедицина

Дәрігерлердің тексеруінен кезексіз қалай өтуге болады: Ұлттық госпитальдағы телемедицина

ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Дамудың негізгі бағыттарының бірі телемедицина. Ол бүгінде дәрігерлердің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналды.

Госпитальда телемедицина дәстүрлі қабылдауды толықтыратын тиімді құрал ретінде қарастырылады және пациенттердің өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Қашықтан кеңес беру форматы медициналық ұйымға жедел түрде келмей-ақ дәрігердің кеңесін алып, денсаулық жағдайын бағалауға және әрі қарайғы ем тактикасын анықтауға жағдай жасайды.

Цифрландыру аясында Ұлттық госпитальда зертханалық және аспаптық тексерулердің нәтижелерін қауіпсіз түрде жеткізуді қамтамасыз ететін заманауи платформалар қолданылады. Бұл дәрігерлерге клиникалық шешімдерді қысқа мерзімде қабылдауға мүмкіндік беріп, медициналық көмектің жеделдігін арттырады.

Ұлттық госпитальдің офтальмолог дәрігері Айгерім Пернебаева телемедицина көру қабілетіне қатысты шағымдар кезінде ерекше сұранысқа ие екенін атап өтті.
«Телемедицина науқастың жағдайына бастапқы баға беруге, емді түзетуге және қажет болған жағдайда көзбе-көз тексерудің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл – пациенттерді қашықтан бақылау мен олардың жағдайының динамикасын қадағалауда ыңғайлы құрал», – деді маман.

Ал гинеколог дәрігер Гузель Паттарова қашықтан консультациялар талдау нәтижелерін қарастыру, ем тағайындау және қайталама кеңестер беру кезінде кеңінен қолданылатынын атап өтті.
«Онлайн формат талдау нәтижелері мен ультрадыбыстық зерттеулер бойынша кеңес беру кезінде тиімді. Дегенмен, жедел белгілер болған жағдайда пациенттерге міндетті түрде дәрігерге көзбе-көз қаралу ұсынылады», – деп атап өтті дәрігер.
Госпитальда жеке деректердің қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Барлық қашықтан өтетін консультациялар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін ресми медициналық платформалар арқылы жүргізіліп, дәрігерлік құпияның сақталуы қамтамасыз етіледі.

Телемедицинаны енгізу медициналық көмекке жүгіну кезіндегі кедергілерді азайтып, мамандар кеңесінің қолжетімділігін арттырады және ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, қашықтан кеңес беру форматы уақтылы диагностика мен пациенттерді тиімді сүйемелдеудің маңызды құралына айналып отыр.
Ұлттық госпиталь телемедициналық технологияларды одан әрі дамытып, медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізу және пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.