Басты бетҚР ПІБ тауар белгілерін тіркеді

ҚР ПІБ тауар белгілерін тіркеді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Ақорда» Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясы мен «Үкімет үйі» әкімшілік ғимаратының суреттері бар 9 тауар белгісін және ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің суреттері бар 6 тауар белгісін тіркеді, деп хабарлайды ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.

эмблемы.jpg

Тіркеу туралы куәліктерді тауардың барлық 45 халықаралық классификациясы бойынша 2023 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті берген. 

Товарный знак Мажилис Сенат (1).jpg

Осылайша ҚР Президентінің Іс басқармасы тауар белгілерінің иесі ретінде 1957 жылғы 15 маусымда Ницц Келісімімен бекітілген тауар мен қызметтердің халықаралық классификациясында көзделген барлық класс бойынша өзі иелік ететін тауар белгілерін пайдаланып оған иелік етуге тауар белгілерінің иесі ретінде толық құқығы бар. 

Аталған тауар белгілерді басқа тұлғалар тиісті шарттарсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген жауапкершілікке тартылады.