Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конку...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан  Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, В-2 санаты

Функционалдық міндеттері:

Құрылымдық бөлімшелермен, ведомстволармен және ведомстволық қарасты ұйымдармен бірлесіп Президент Іс басқармасының міндеттерін орындауға байланысты орта мерзімді кезеңге республикалық бюджет шығыстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялық бағдарламалардың тізбесін,  республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің тізбесін құруды қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыруға, бюджеттік тапсырыс бойынша тиісті қорытындыларды дайындауды және оларды құрылымдық бөлімшелерге келісуге жеткізуді, Президент Іс басқармасының бюджеттік комиссиясында бюджеттік тапсырысқа қорытындыларды қарауды қамтамасыз етуге, мақсатты трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеуді қамтамасыз етуге, бюджеттік бағдарламаларға жүргізілген мониторинг пен олардың орындалуы жөнінде есептіліктердің уақтылы және сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуге, республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына және оларға мониторинг жүргізуге әдістемелік басшылық ету мен бақылауды жүзеге асыруға, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруды, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізуді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, Президент Іс басқармасының штат кестесін бекіту үшін оны дайындауға қатысуға, ақылы қызметтер көрсету үшін кірістер мен шығыстар сметасын бекітуді қамтамасыз етуге, Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық қарасты ұйымдарға түсіндірме мен кеңес беруге, талдамалық анықтамаларды, ақпаратты, бюджеттік  қаржыландыру секторы мен экономикалық талдау секторының құзыретіне кіретін өзге де құжаттарды дайындауды ұйымдастыруға, қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз етуге қатысты экономикалық мәселелер бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етуге, Президент Іс басқармасының орташа кезеңге арналған перспективалық жұмыс жоспарының әзірлеуді және бекітуге дайындауды қамтамасыз етуге, ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларының, даму жоспарлары түзетулерінің және олардың орындалуы жөніндегі есептердің жобаларын қарау мен бекітуге (келісуге) дайындауды қамтамасыз етуге, есепті кезеңде ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізу мен оны бағалауны дайындауды қамтамасыз етуге, ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржылық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысуға, ведомстволық қарасты ұйымдардың тарифтерін келісуге қатысуға, ведомстволық қарасты ұйымдарға экономикалық талдау жүргізуді жүзеге асыруға және оларды тиімді басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, экономикалық қызмет мәселелері бойынша, сондай-ақ қаржылық пен есепке алу тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларға әдістемелік көмек  көрсетуді жүзеге асыруға, ведомстволық қарасты ұйымдар қызметінің тиімділігін бағалауды қамтамасыз етуге, ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржылық көрсеткіштеріне талдау мен мониторинг жүргізуді, ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржы қаражатын жоспарлау сапасы мен пайдалану тиімділігін бағалауды бақылауға, жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомстволық қарасты ұйымдардың тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауын бақылауға, Бөлім меңгерушісі болмағанда, белгіленген тәртіпен оның міндетін атқаруға міндетті, экономикалық талдау мен бюджеттік қаржыландыру секторларының жұмысын бақылауға, нормативтік құжаттардың талаптарын зерделеуді, қорытуды және ведомстволық қарасты ұйымдарға жеткізуді ұйымдастыруға, нормативтік құжаттардың талаптарын зерделеуді, қорытуды және ведомстволық қарасты ұйымдарға жеткізуді ұйымдастыруға.

Орташа лауазымдық жалақысы: 789 184

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес және басқару, математика және статистика

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-2 санаты үшін:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,  12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Кандидаттармен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.