Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының цифрландыру және жобалық басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары, В-2 санаты
Функционалдық міндеттері:
Іс басқармасы басшылығы тапсырмаларының, жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау мен қарастыру кезінде заңнама талаптарын сақтау үшін шаралар қабылдау. Іс басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдардың ақпараттандыру және жобаларды басқару мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Іс басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдардың жобалау қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде жобалау тәсілдерінің тұжырымдамасын, сондай-ақ әдістемелік материалдарды әзірлеу және бекіту. Ведомстволық қарасты ұйымдардың цифрландыруды дамыту және инновацияларды енгізу жөніндегі жауапты жұмыскерлерінің қатысуымен жобалауды басқаруды ұйымдастыру және енгізу. Ведомстволық қарасты ұйымдардың даму стратегиясы мен келешегін айқындау, инновацияларды енгізу мен зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен өкімдік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Іс басқармасының мәжілістері мен отырыстарына материалдарды дайындауды қамтамасыз ету, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, ақпараттарды, өзге де құжаттарды дайындау.
Орташа лауазымдық жалақысы: 789 184
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, жобаларды басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, автоматтандыру және басқару
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-2 санаты үшін:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Кандидаттармен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.