Басты бетБалабақшадағы бала денсаулығын сақтаудың моделі ретіндегі Check Up бағдарламасы

Балабақшадағы бала денсаулығын сақтаудың моделі ретіндегі Check Up бағдарламасы

Балабақшадағы бала денсаулығын сақтаудың моделі ретіндегі Check Up бағдарламасы Балабақшадағы бала денсаулығын сақтаудың моделі ретіндегі Check Up бағдарламасы Балабақшадағы бала денсаулығын сақтаудың моделі ретіндегі Check Up бағдарламасы Балабақшадағы бала денсаулығын сақтаудың моделі ретіндегі Check Up бағдарламасы Балабақшадағы бала денсаулығын сақтаудың моделі ретіндегі Check Up бағдарламасы

Баланың денсаулығы оның дамуы мен білім алуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында жаңа тәсілдер пайда болуда, соның бірі  Check Up бағдарламасы. Қазіргі уақытта бұл модель «Қарлығаш» балабақшасында іс жүзінде жүзеге асырылып келеді.

Бағдарлама балалардың денсаулығын жай ғана тексеріп қана қоймай, олардың жағдайы мен дамуын жүйелі түрде бақылауға көмектеседі. Ол баланың физикалық дамуын, көру қабілетін, ағзаның жалпы жағдайын және психоэмоционалдық күйін тұрақты тексеруді қамтиды. Ең бастысы денсаулық жағдайын тек тіркеу емес, өзгерістерді байқап, дер кезінде әрекет ету.

Болашақта мұнда заманауи диагностикалық әдістерді, мысалы, сәулеленусіз омыртқаны қауіпсіз тексеруді қолдану жоспарлануда. Бұл ата-аналарға баланың денсаулығы бойынша анағұрлым түсінікті әрі толық ұсынымдар беруге мүмкіндік береді.

Бұл тәсілдің ерекшелігі тексеру нәтижелерінің нақты жұмыста қолданылуы. Педагогтер мен медицина мамандары бірлесіп баланың бейімделуін, алатын жүктемесін және нені жақсартуға болатынын талдайды. Бұл балалардың дамуына қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Бұл тәсіл балаларды тамақтандыруда да қолданылады, яғни ас мәзірін құруда балалардың жасы мен белсенділігі ескеріледі.

Қазіргі таңда «Қарлығаш» балабақшасында жүзеге асырылып жатқан тәжірибе мұндай тәсілді басқа мектепке дейінгі ұйымдарда да қолдануға болатынын көрсетеді. Бұл модель денсаулықты білім беру үдерісінің маңызды бөлігі ретінде қарастыратын әлемдік тәжірибеге сай келеді.