Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы Конституция күнін тойлауда

ҚР Президенті Іс басқармасы Конституция күнін тойлауда

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. 

Шара аясында мемлекеттік қызметке тұңғыш және қайта қабылданған қызметкерлер үшін салтанатты ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. 

DSC_7618-1.jpg

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жетекшісінің бірінші орынбасары Д.Іңкербаев атап өткендей, Конституция жолымен жүру – мемлекеттің қарқынды дамуының негізі және қоғамдағы азаматтық бірліктің белгісі. Негізгі заң бойынша өмір сүруге бейімделу – демократияның жоғарғы мектебі. 

Сондай-ақ, салтанатты кездесу барысында мемлекеттік органдар арасында жазғы спорт түрлері бойынша өткен Қазақстан Республикасының Спартакиадасының қатысушыларына дипломдар табысталды, дүбірлі додада 20 адамнан құралған Президент Іс басқармасының құрамасы жоғары көрсеткішке ие болды. 

DSC_7630-1.jpg

Айта кетейік, 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. 

DSC_7577-1.jpg