Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде шамамен 220 млн адам тағамдық аллергиядан зардап шегеді, әрі аллергеннің ең аз мөлшерінің өзі иммундық реакция тудыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда болмашы аллерген ауыр реакцияға себеп болуы ықтимал. Бұл тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті екенін көрсетеді.
Халықаралық стандарттар негізгі аллергендердің тізбесін айқындайды. Көбіне сүт, жұмыртқа, балық, жаңғақтар, глютен және басқа да компоненттер ауыр реакция беретіндіктен қаптамада міндетті түрде қажетті ақпарат көрсетілуі тиіс.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында тағам өнімдері молекулалық-генетикалық ПТР әдісін қолдану арқылы зерттеледі. Бұл технология аллергендік компоненттердің ДНҚ-сы бойынша микроскопиялық іздерді де анықтауға мүмкіндік береді. Қаптамада көрсетілмеген жағдайларда да анықтай алады.
ПТР әдісінің жоғары дәлдігі өнім құрамын тиімді бақылауды, жасырын ингредиенттерді анықтауды және таңбалаудың дұрыстығын тексеруді қамтамасыз етеді. Бұл тамақ түрлеріне аллергиясы бар адамдар үшін аса маңызды, өйткені ең аз ауытқулардың өзі олардың денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
ҚР ПІБ МЦ Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып, заманауи ғылыми негізделген зертханалық бақылау әдістерін қолдану арқылы тұрғындар денсаулығын қорғауға үлес қосуда.