Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының заң бөлімінің меңгерушісі, B-1
Функционалдық міндеттері:
Бөлім қызметін үйлестіру және басшылық ету. Іс Басқармасы басшылығының тапсырмаларының, жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың жобаларын әзірлеу мен дайындауды, нормативтік құқықтық актілер мен шарттар жобаларына заң сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру және үйлестіру. Заңнаманы сақтау, нормативтік құқықтық актілердің практикада қолданылуы мен оның жинақталу мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметін құқықтық қамтамасыз ету туралы ақпаратқа талдау жүргізуді қамтамасыз ету. Іс Басқармасының талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының өзгерістерін талдау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау мен қарастыру кезінде заңнама талаптарын сақтау үшін шаралар қабылдау. Іс Басқармасының басшылығына талдамалық материалдарды, баяндамаларды дайындау. Бөлім қызметкерлерінің тапсырмаларды уақтылы орындауына бақылауды жүзеге асыру, атқаратын лауазымдарына сәйкес олардың арасындағы жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету.
Орташа лауазымдық жалақысы: 915 453
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
В-1 санаты үшін:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-2, C-O-2, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Кандидаттармен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.