Басты бетStudent’s Book платформасы студенттер мен ҚР ПІБ жүйесіндегі жұмыс берушілерді біріктіреді

Student’s Book платформасы студенттер мен ҚР ПІБ жүйесіндегі жұмыс берушілерді біріктіреді

Student’s Book платформасы студенттер мен ҚР ПІБ жүйесіндегі жұмыс берушілерді біріктіреді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесінде студенттік тәжірибеден өтуге өтінімдер беруге, сондай-ақ ҚР ПІБ жүйесінің ұйымдарына жұмысқа орналасу үшін жас мамандардың түйіндемелер базасын қалыптастыруға арналған Student’s Book цифрлық платформасы жұмыс істейді.

Платформа өндірістік тәжірибеден өтуге өтінім беруді қамтамасыз етеді және бағыт пен ұйымды таңдау мүмкіндігін ұсынады. ҚР ПІБ жүйесі медицина, инженерлік іс, коммуналдық шаруашылықты басқару, ақпараттық технологиялар, медиа және коммуникациялар, әкімшілік және ұйымдастырушылық секілді қызмет түрлерін қамтиды.

Платформаның практикалық маңыздылығын қатысушылар ерекше атап өтеді. Мәселен, ҚР Парламентінің қызметін қамтамасыз ететін «МТҚБ Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК-да тәжірибеден өткен студент Жанарыс Ақбутаев: «2025 жылы мен платформа арқылы өтінім беріп, Инженерлік орталықтың ақпараттық жүйелерді әзірлеу және техникалық сүйемелдеу қызметінде тәжірибеден өттім. Үдеріс қарапайым әрі түсінікті болды. Бұрын өзге студенттер тәжірибеден өтетін орынды іздеуге көп уақыт жұмсайтынын, университет жолдаған жерлерде ғана өтетінін айтатын. Ал бұл ретте мен бағыт пен ұйымды өзім таңдадым, бұл үдерісті едәуір жеңілдетті», – деген пікірін айтты.

Сондай-ақ түйіндемелер базасын қалыптастыру функционалы іске қосылуда, оның аясында түлектер мен жас мамандар анкета толтырып, өздері туралы ақпарат ұсына алады. ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарының кадрлық қызметтері үміткерлерді қарастыру кезінде ең алдымен платформада орналастырылған анкеталарға назар аударады және бос жұмыс орындарына іріктеу рәсімдеріне қатысу үшін ең қолайлы кандидаттарды шақырады.

Student’s Book жас мамандармен өзара іс-қимылдың бірыңғай цифрлық арнасын қамтамасыз етіп, олардың ҚР ПІБ жүйесі ұйымдарының қызметіне тартуға жағдай жасайды.

Айта кету керек, платформа іске қосылған 3 жыл ішінде шамамен 1090 өтінім қабылданып, өңделді, 500-ден астам студент өндірістік практикадан өтті.