Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ұйымдардың 100-ден астам қызметкері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Тазару күні» аясындағы экологиялық акцияға қатысты.
Іс-шара барысында Рысқұлов даңғылы маңындағы Үлкен Алматы өзенінің бойында аумаққа санитарлық тазалау жүргізілді.
«Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында өзеннің жағалау аймағы, жаяу жүргіншілер жолдары және оған іргелес аумақ тұрмыстық қоқыстан, құрғақ бұтақтар мен жапырақтардан тазартылды. Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, яғни мегаполис тұрғындары мен қонақтарының күнделікті демалыс орындарына ерекше назар аударылды.
Жүргізілген жұмыстар аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға, оның жайлылығы мен серуендеуге және демалуға арналған қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.