Басты бетKazinform Maqsut Narikbayev University студенттеріне арналған «төте жазу» курсын іске қосады

Kazinform Maqsut Narikbayev University студенттеріне арналған «төте жазу» курсын іске қосады

Kazinform Maqsut Narikbayev University студенттеріне арналған «төте жазу» курсын іске қосады Kazinform Maqsut Narikbayev University студенттеріне арналған «төте жазу» курсын іске қосады Kazinform Maqsut Narikbayev University студенттеріне арналған «төте жазу» курсын іске қосады Kazinform Maqsut Narikbayev University студенттеріне арналған «төте жазу» курсын іске қосады Kazinform Maqsut Narikbayev University студенттеріне арналған «төте жазу» курсын іске қосады

Maqsut Narikbayev University студенттеріне төте жазу әліпбиін үйрету жобасы ҚР Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығы аясында жүзеге асырылып отыр. Бекітілген жоспарға сәйкес, 300-ден астам болашақ заңгер төте жазуды меңгеріп, оқитын әрі жаза алатын деңгейге жетеді.

«Биыл біз алғаш рет студенттерімізге төте жазуды үйретуді бастаймыз. Үш апталық курстан Құқық жоғары мектебінің 1-курс студенттері өтеді. Төте жазуды меңгеру «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтары студенттеріне тарихқа тікелей жол ашып қана қоймай, ХХ ғасырдағы қылмыстық заңдардың төте жазумен басылған қазақша нұсқаларын түпнұсқада оқуға мүмкіндік береді. Бір ғасыр бұрынғы Қылмыстық кодексті оқып, оны түсіну қабілеті студенттерімізге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа қырынан қарауға және оны жетілдіру бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Төте жазуды меңгерген 1-курс студенттері жоғары курстарда бұл білімдерін бейіндік пәндер аясында еркін қолданып, болашақта бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман бола алады», – дейді Жоғары гуманитарлық мектептің жалпы білім беру пәндері департаментінің үйлестірушісі Гүлзат Әлімбаева.

Оның айтуынша, келесі оқу жылында төте жазу курсын басқа мамандық студенттері үшін де ұйымдастыру жоспарланып отыр. Курсты Kazinform ақпарат агенттігінің төте жазу редакциясының шеф-редакторы Ризабек Нүсіпбек жүргізеді.

«Қазақтың алғашқы газеттері төте жазумен жарық көрген. Ұлтымыздың көрнекті қаламгерлері шығармаларын осы жазумен жазған. Алашорда заңгерлері қылмыстық заңдарды төте жазумен хатқа түсірген. Төте жазуды меңгеру арқылы біз тарихтың терең қабаттарына бойлай аламыз. Ата-бабаларымыздан қалған мұраны түпнұсқада оқуға мүмкіндік туады. Толық курс барысында студенттер төте жазу әліпбиінің тарихи маңызымен танысып қана қоймай, оны еркін оқып, жаза алатын деңгейге жетеді», – дейді Ризабек Нүсіпбек.

Төте жазуды қазақтың тұңғыш әліпбиі деуге толық негіз бар. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасы негізінде қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін сақтай отырып, икемді әрі қолайлы ұлттық әліпби жасады. Бұл жазу 1929 жылға дейін мектептерде оқытылды.

Қазіргі таңда төте жазуды Қытай мен Ирандағы қазақтар қолданады. Сонымен қатар Алтайдан көшіп, Гималай асып, Түркия мен Еуропа елдеріне жеткен қазақтардың бір бөлігі де осы жазуды меңгерген және оқи алады. Айта кетейік, Kazinform агенттігі 2009 жылдан бері төте жазумен ақпарат таратып келеді.