Басты бетБурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты

Бурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты

Бурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты Бурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты Бурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты Бурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты Бурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты Бурабайда тазалық пен тәртіп эстафетасы қолдау тапты

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ұйымдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап, Наурызнама онкүндігі аясындағы «Тазару күніне» орай Бурабай курорттық аймағында өткен экологиялық іс-шараларға қатысты. Акциялар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Тазалық пен тәртіп эстафетасын жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдері мен Бурабай  аймағындағы жалға алушылар да қолдады.

Акция аясында рекреациялық жүктемесі жоғары аумақтарға ерекше назар аударылды. Қатысушылар Абылай хан алаңының аумағында, орман алқаптарында, көлдердің жағалау аймақтарында және шолу алаңдарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, шипажайдан Бөлектау тауына дейінгі учаскелерде де тазалық жұмыстары жүрді.

Айта кету керек, мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасы да жүзеге асырылуда. Бұл жоба табиғи бұлақ көздерін, жағалау аймақтарын және су айдындарын тазартуға бағытталған. Сонымен қатар, мұнда «Таза мұз», «Таза жағалау», «Саябақтар шеруі» экологиялық акциялары, орман отырғызу шаралары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ағартушылық жобалар тұрақты түрде өткізіліп келеді.