Басты бетАстана қаласында ЭКСПО-2017 дайындалу шеңберінде қонақ үй бизнесіндегі қызметкерлерге арналған тр...

Астана қаласында ЭКСПО-2017 дайындалу шеңберінде қонақ үй бизнесіндегі қызметкерлерге арналған тренингтер өтті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалу аясында Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығымен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп Астана қаласының қонақ үй саласындағы қызметкерлері үшін тренингтер өткізді.

Семинарлар өткізудің негізгі міндеті қонақ үй қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату болды. Оқыту «Front оffice», «Housekeeping», «Food production», «Food and beverage service», Training «Executives as trainers», «Personal improvement seminar» сияқты туристік қызметтердің ең маңызды бағыттары бойынша өткізілді.

Қонақ үй бизнесі саласында практикалық тәжірибесі және теориялық білімі бар Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері Сезим Оздемир, Пинар Токгоз, Бурак Дикики, Мурат Озен, Озгул Демир мен Еке Тарлан аталған семинарлардың жаттықтырушылары болды.

Оқыту соңында тренингке қатысушылардың бәріне халықаралық сертификаттар табыс етілді.

«Рамада Плаза Астана» 5* денгейіндегі халықаралық қонақ үйі қонақтардың жайлы тұруына және тренингтер өткізуге барлық қажетті жағдай жасап, аталған іс-шараның демеушісі болды.