Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен және Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
Наградалар республикалық референдумды өткізуге белсенді қатысқаны, сондай-ақ референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан кәсіби үлесі мен еңбегі үшін табысталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығының қызметкерлері марапатталды.
«Шапағат» медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені қызметкерлері Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды.