Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеу жөнін...

ҚР Президентінің Іс басқармасында деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеу жөніндегі семинар өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеу жөніндегі семинар өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеу жөніндегі семинар өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеу жөніндегі семинар өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында «Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыс» тақырыбында семинар өтті. Семинар қатысушыларына ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Жұмағұлова кіріспе сөз сөйледі.

Негізгі баяндамашы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының өкілі Миргүл Қалабаева өз сөзінде деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың адамдарды өз қатарына тарту әдістері, сондай-ақ мұндай топтардың қоғам мен мемлекеттік қызмет үшін қандай қауіп төндіруі мүмкін екені туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Баяндамашы бейнематериалдарды көрсетіп, интернет-контенттің, әлеуметтік желілер мен бейнероликтердің пайдаланушыларға астыртын әсер етуінің нақты мысалдарын келтірді. Мұндай әсер заңсыз діни ағымдарға байқамай тартылып кету қаупін қалыптастыруы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ Миргүл Қалабаева практикалық ұсыныстар беріп, қызметкерлерді мұқият болуға шақырды және осындай жағдайлар анықталған кезде құзыретті органдарға хабарлау қажеттігін айтты. Сонымен бірге заңда көзделген жауапкершілік туралы еске салды.

Семинар барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ернар Берікбаев және Іс басқармасының Бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықов сөз сөйледі. Олар қатысушыларға, оның ішінде жас мамандарға азаматтық жауапкершіліктің маңызы мен кәсіби этикаға адал болудың және ақпараттық ортаға мұқият қараудың қажеттігі жайлы айтты.

Тек саналы азаматтық ұстаным мен мемлекеттік қызметтің этикалық нормаларын сақтау арқылы ғана деструктивті ықпалға қарсы тұруға және ұжымдағы тұрақтылықты сақтауға болатыны атап өтілді. 

Аталған семинар діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі ретінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етті.