Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Президенттік орталығында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов және Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалығымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Оған саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, отандық бизнес өкілдері, БАҚ қызметкерлері және қоғамдық пікір көшбасшыларын қоса алғанда барлығы шамамен 500 қатысушысы қатысты.
Айта кету керек, отырыстың өткізілуі Президенттік орталықтың елдегі ұлттық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін негізгі алаңдардың бірі екендігін айқындайды.