Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті.
Форум өңірлерді дамыту, мәслихаттардың жұмыс тиімділігін арттыру және халықпен өзара іс-қимылды күшейту мәселелерін талқылау үшін елдің түкпір-түкпірінен келген жергілікті атқарушы орган өкілдері мен парламент депутаттарын бір алаңға жинады.