Ағымдағы жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Д. Іңкәрбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Іс Басқармасының жүйесінде стандарттар енгізу, объектілерді күтіп ұстау және қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жай-күйі мен даму перспективалары қаралды.
Аталған отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты ұйымдарының басшылары қатысты.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің меңгерушісі Қ. Ыдырысов және Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы Б.Князбаев сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Іс Басқармасының басшылығы тиісті тапсырмалар берді.
Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқармасының
баспасөз қызметі