Басты бетҚР Президенті Іс басқармасында 8 наурыз қарсаңында әйелдерді марапаттау рәсімі өтті

ҚР Президенті Іс басқармасында 8 наурыз қарсаңында әйелдерді марапаттау рәсімі өтті

ҚР Президенті Іс басқармасында 8 наурыз қарсаңында әйелдерді марапаттау рәсімі өтті

Мемлекет басшысының Жарлығымен Медициналық орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Гүлжан Әлиайдар «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ, Президент пен Үкімет Әкімшілігінің әкімшілік ғимараттар дирекциясының техник-лаборанты Ләззат Асқарова, Ұлттық госпитальдің бөлімше меңгерушісі Зәуре Кездікбаева, Президент телерадиокешенінің бөлім басшысы Шынар Құмарова, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығының инженері Наталья Корчагина және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Гүлмира Павлова «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

ПІБ-ке қарасты ұйымдардың 12 қызметкеріне ҚР Президентінің Іс басқарушысының Алғыс хаты табысталды.