Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдердің білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесін атап өту маңызды. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әйелдер балалардың әлемге сеніммен қарауын, бастама көтеруін, өзіне деген сенімділігін дамытуын және білім алуға дайын болуын қамтамасыз ететін орта қалыптастырады
«Қарлығаш» балабақшасының директоры Гүлшат Онланбекқызы сұхбатында мектепке дейінгі ұйымды басқару тек білім беру бағдарламаларын іске асыру ғана емес, сонымен қатар баланың денсаулығына, эмоционалдық әл-ауқатына және жан-жақты дамуына қамқорлық жасау екенін атап өтті. Кадр саясатын жүргізуден бастап білім беру кеңістігін ұйымдастыруға дейінгі әрбір басқарушылық шешім ұзақ мерзімді нәтижені ескере отырып қабылданады және тұрақты, үйлесімді жүйе қалыптастыруға бағытталады.
«Бастау» авторлық бағдарламасы балалардың зияткерлік, әлеуметтік-эмоционалдық және физикалық дамуын біріктіреді. Қазіргі уақытта бағдарлама Қазақстанның жеті өңіріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 16-сында енгізіліп, өзінің тиімділігін және ауқымын кеңейту мүмкіндігін көрсетіп отыр.