Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған мерекелік жиын өтті.
Іс-шара аясында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметші күніне орай мемлекеттік қызметтің кәсіптілігіне қосқан үлесі үшін бір топ мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының Бірінші орынбасары Д. Іңкәрбаев айтқандай, мемлекеттік қызмет - ол аса абыройлы да, халық пен мемлекет алдындағы жауапкершілігі мол кәсіби қызметтің бір түрі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып белгіленді.
Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқармасының
баспасөз қызметі