2026 жылғы 21 ақпанда ҚР Президенті Іс басқармасы Спартакиадасы аясында Іс басқармасы жүйесінің, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында дене шынықтыруды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты нығайту. Жарысқа 63 адам қатысып, олар төрт жас санаты бойынша бақ сынады: 35 жасқа дейінгі ерлер (1000 м), 35 жасқа дейінгі әйелдер (500 м), 35 жастан жоғары ерлер (1000 м) және 35 жастан жоғары әйелдер (500 м).
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді. 35 жасқа дейінгі ерлер арасында Аян Алдабергенов ( «Қарлығаш» б/б) жеңімпаз атанды, екінші орынды Бекзат Жаламан (ПӘ ӘҒД), үшінші орынды Данияр Айдарбеков (ТРК) иеленді.
35 жасқа дейінгі әйелдер арасында алғашқы үш орынды Менсулу Нұрқанова («Оқжетпес-Бурабай»), Назерке Қамбарқанова (ИТО) және Алмагүл Сарманова (ПӘ ӘҒД) иеленді.
35 жастан жоғары ерлер арасында жүлделі орындарға Аспандияр Арстанов (МРД), Дәулен Бәшім (ПӘ ӘҒД) және Сергей Прохоров («Оқжетпес-Бурабай») ие болды.
35 жастан жоғары әйелдер арасында Лидия Аряшева («Оқжетпес-Бурабай») жеңімпаз атанса, екінші орынды Батиха Аханова (МТҚБ ИО), үшінші орынды Жансая Тоқлтаева (МОА) иеленді.
Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясында Ернар Тайбеков («МТҚБ Автошаруашылығы») пен Дархан Садықов (ПӘ ӘҒД) марапатталды. «Спортқа адалдығы үшін» номинациясында Серік Исимбаев («Бурабай даму») және Мереке Мұрат (ПӘ ӘҒД) жеңімпаз атанды. «Ең позитивті қатысушы» номинациясында Гүлжан Искакова (МОА) мен Серік Арсекеев (МРД) марапатталды.
Сайыс достық бәсеке мен спорттық жігерге толы атмосфера жағдайында өтіп, Іс басқармасы жүйесі қызметкерлері үшін спорт пен белсенді демалыстың маңыздылығын айқындай түсті.