Басты бетЖалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін https://eqyzmet.gov.kz сілтемесі бойынша сыртқы порталда жалпы конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының күрделі құрылыс бөлімі сметалық-шарт жұмысы және инвестициялық жобалар секторының бас сарапшысы, В-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: Жүктелген міндеттерді, Іс басқармасы басшылығының тапсырмаларын уақытында және сапалы түрде орындалуына бақылау жасау. Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға техникалық ерекшеліктер әзірлеу, авторлық және техникалық қадағалау. Құрылыс бойынша жұмыс жобаларының жобалау-сметалық құжаттамалары мен барлық рұқсат құжаттарды дайындау және бас мердігерлерге беру. Жетекшілік ететін объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуін  ұйымдастыру. Инжинирингтік компаниялардың аттестациядан өткен мамандарымен (техникалық және авторлық қадағалау) расталған нақтылы орындалған жұмыстар көлемдерінің актілерін (2В нұсқа) бас мердігерлердің уақытында ұсынуларын қамтамасыз ету.

Құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (жетекшілік ететін объектілер бойынша). Мемлекеттік органдардың сұраулары мен хаттарына жауаптар дайындау.

Орташа лауазымдық жалақысы: 327 923

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп және аудит, сәулет және құрылыс.

 Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-5 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).

Шағым жасау тәртiбi: Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады