Басты бетЖалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін https://eqyzmet.gov.kz сілтемесі бойынша сыртқы порталда жалпы конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің мемлекеттік құпияларды қорғау секторының  сарапшы, B-6 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 26 наурызға дейін).

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (бұдан әрі - Іс басқармасы), ведомстволық қарасты ұйымдардың мемлекеттік құпияларды қорғау, шетелдіктерді қабылдау кезінде құпиялылық режимін сақтау жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыруға қатысу. Іс басқармасында рұқсаттамалық және объектіішілік режимнің сақталуы жөніндегі жұмысты, «Министрліктер Үйі» әкімшілік ғимараттары кешеніне кіру және шығу тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарының кіруі мен шығуы және автотұрақ кеңістігін пайдалану, электронды рұқсаттамаларды беру мен есепке алу тәртібін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру

Орташа лауазымдық жалақысы: 282 693

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: аударма ісі, шығыстану, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану, елтану, бизнес, басқару және құқық, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс, қоғамдық қауіпсіздік.

 Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
В-6 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

жұмыс өтілі талап етілмейді

Шағым жасау тәртiбi: Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады