2014 жылғы 21 ақпан сағат 20:06-да «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының орталық диспетчерлік орнына 1-корпуста орналасқан қосалқы орын-жайда өрт шыққаны туралы дабыл сигналы келіп түсті.
Аталған орын-жай автомобиль доңғалақтарының қаптарын сақтау үшін пайдаланылғандықтан, өрт кезінде түтін көп болды.
72 ш.м. аудандағы өрт сағат 20:44-те Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің күшімен жедел сөндірілген.
«Министрліктер үйі» ғимаратының барлық өрт сөндіру жүйелері штаттық режимде жұмыс істеген, зардап шеккендер мен қиратылған құрылыстар болған жоқ.
Өрт шығу себебі анықталуда.